Ақтоғай ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 161 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 4555 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 12 қаңтардағы N 26/1-15/25 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты басшысының 12.01.2016 N 26/1-15/25 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж. Ташенев

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "12" маусымдағы
№ 161 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 08.10.2015 N 258 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің атаулары
Мемлекеттік білім беру мекемелері тәрбиеленушілерінің саны
Мемлекеттік қаржыландырудың айлық өлшемі, теңге
Ата-аналардың айлық төлем ақысы, теңге
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
1
2
3
4
5
6
Балабақша
1.
"Айгөлек" балабақшасы Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорн
110
(жергілікті бюджет)
29091
2 жастан 3 жасқа дейін 6000
3 жастан 6 жасқа дейін 7000
2 жастан 3 жасқа дейін 35091
3 жастан 6 жасқа дейін 36091
2.
"Ақбота" балабақшасы Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын
70
(жергілікті бюджет)
27040
2 жастан 3 жасқа дейін 6000
3 жастан 6 жасқа дейін 7000
2 жастан 3 жасқа дейін 33040
3 жастан 6 жасқа дейін 34040
Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі толық күн болатын шағын орталықтар
3.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Приречен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Қарлығаш" шағын-орталығы)
21
(жергілікті бюджет)
4966
4000
8966
4.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Тіленшін атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Бөбек" шағын-орталығы)
20
(жергілікті бюджет)
11123
5000
16123
5.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Естай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)
16
(жергілікті бюджет)
12005
4000
16005
6.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шидерти орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)
5
(жергілікті бюджет)
31208
5000
36208
7.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)
20
(жергілікті бюджет)
11123
5000
16123
8.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балапан" шағын- орталығы)
17
(жергілікті бюджет)
9126
5000
14126
9.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қараоба орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Айгөлек" шағын-орталығы)
12
(республиқалық бюджет)
9740
4000
13740
10.
"Ақтоғай ауданының Ыдырысов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Болашақ" шағын-орталығы)
16
(республикалық бюджет)
7925
5000
12925
Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі толық емес күн болатын шағын орталықтар
11.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Агрономия орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдаурен" шағын- орталығы)
25
(жергілікті бюджет)
8250
3000
11250
12.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Еңбекші орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)
6
(жергілікті бюджет)
21785
2000
23785
13.
"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шолақсор орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Ақбота" шағын- орталығы)
12
(жергілікті бюджет)
9845
4000
13845

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады