Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 161 "Ақтоғай ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 8 қазандағы № 258 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 4763 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 12 қаңтардағы N 26/1-15/25 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты басшысының 12.01.2016 N 26/1-15/25 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 161 "Ақтоғай ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4555 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 шілдеде № 23 "Ауыл тынысы" және № 23 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

С. Батырғұжинов


Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "8" қазандағы
№ 258 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің атаулары

Мемлекеттік білім беру мекемелері тәрбиеленушілерінің саны

Мемлекеттік қаржыландырудың айлық өлшемі, теңге

Ата-аналардың айлық төлем ақысы, теңге

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

1

2

3

4

5

6

Балабақша

1.

"Айгөлек" балабақшасы Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорн

110
(жергілікті бюджет)

29091

2 жастан 3 жасқа дейін 6000
3 жастан 6 жасқа дейін 7000

2 жастан 3 жасқа дейін 35091
3 жастан 6 жасқа дейін 36091

2.

"Ақбота" балабақшасы Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын

70
(жергілікті бюджет)

27040

2 жастан 3 жасқа дейін 6000
3 жастан 6 жасқа дейін 7000

2 жастан 3 жасқа дейін 33040
3 жастан 6 жасқа дейін 34040

Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі толық күн болатын шағын орталықтар

3.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Приречен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Қарлығаш" шағын-орталығы)

21
(жергілікті бюджет)

4966

4000

8966

4.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Тіленшін атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Бөбек" шағын-орталығы)

20
(жергілікті бюджет)

11123

5000

16123

5.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Естай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)

16
(жергілікті бюджет)

12005

4000

16005

6.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шидерти орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)

5
(жергілікті бюджет)

31208

5000

36208

7.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)

20
(жергілікті бюджет)

11123

5000

16123

8.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Харьков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балапан" шағын- орталығы)

17
(жергілікті бюджет)

9126

5000

14126

9.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Қараоба орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Айгөлек" шағын-орталығы)

12
(республиқалық бюджет)

9740

4000

13740

10.

"Ақтоғай ауданының Ыдырысов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Болашақ" шағын-орталығы)

16
(республикалық бюджет)

7925

5000

12925

Орта білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылған мектепке дейінгі толық емес күн болатын шағын орталықтар

11.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Агрономия орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдаурен" шағын- орталығы)

25
(жергілікті бюджет)

8250

3000

11250

12.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Еңбекші орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Балдырған" шағын-орталығы)

6
(жергілікті бюджет)

21785

2000

23785

13.

"Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Шолақсор орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ("Ақбота" шағын- орталығы)

12
(жергілікті бюджет)

9845

4000

13845

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады