Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 387 - бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағына 13) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті есе) жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті есе) жоғарылатылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Савчук |
Мәслихат хатшысы | Т. Мұқанов |