Баянауыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 266/45 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 мамырда № 4480 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 12/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 04.04.2016 № 12/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10–бабына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында, Баянауыл ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Ерманов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Қасен

  Баянауыл аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
23 сәуірдегі № 266/45 шешіміне
қосымша

Баянауыл ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу орындары


Ауылдық округ атауы
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Ақсан ауылдық округі
Ақсан ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш пен Мәдениет үйінің аралығындағы алаң
2
Баянауыл ауылдық округі
Баянауыл ауылының мөлтек ауданындағы стадион
3
Бірлік ауылдық округі
Бірлік ауылындағы алаң
4
Жаңажол ауылдық округі
Жаңажол ауылындағы спорт алаңы
5
Жаңатілек ауылдық округі
Жаңатілек ауылындағы стадион
6
Қаратомар ауылдық округі
Қаратомар ауылындағы футбол алаңы
7
Күркелі ауылдық округі
Күркелі ауылындағы ойын-сауық алаңы
8
Құндыкөл ауылдық округі
Құндыкөл ауылындағы спорттық алаң
9
Қызылтау ауылдық округі
Ж.Аймауытов ауылындағы футбол алаңы
10
Шөптікөл ауылдық округі
ЦЭС ауылындағы ескі бақша орны
11
Майқайың кенті
Майқайың кенті, "Металлургтер стадионы"
12
Сәтбаев ауылдық округі
Қараащы ауылындағы футбол алаңы
13
Торайғыр ауылдық округі
Торайғыр ауылындағы стадион
14
Ұзынбұлақ ауылдық округі
Ұзынбұлақ ауылындағы футбол алаңы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады