"Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 212/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 тамызда № 4636 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 06.10.2017 № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дубовицкий

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "14" шілдедегі
№ 212/6 қаулысымен
бекітілді

"Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып келеді.

      2. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты келесі мемлекеттік мекемелері бар:

      1) "Ертіс орталық аудандық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі;
      2) Ертіс ауданы әкімдігінің, Ертіс ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік ұйымдастыру-құқықтық нысанындазаңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республиксының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі уәкілеттілігі шеңберінде өзінің атынан азаматтық - құқықтық қатынасқа енеді.
      6. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте өзінің құзыреттілігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де актілер және мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер шығарады.
      8. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті іс -әрекеттегі заңдылыққа сәйкес бекітіледі.
      9. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 107.
      10. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30- ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
      11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков Иртышского района".

      12. Ертіс ауданының әкімдігі мемлекет атынан "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы құжаты болып табылады.

      14. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржылық қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілермен "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау барысында келісімшарттық қарым -қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.

2. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      17. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту салаларындағы іс-шараларды іске асыру.
      18. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні мәдениет, тілдерді дамыту кешенінің жұмысын ұйымдастыру, мониторингін жүргізу, үйлестіру мәселелерінде іс –шараларды аудандық деңгейде өткізу болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) мәдениет, тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясаты іске асыру;
      2) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
      3) қазақ және өзге де ұлттық мәдениеттің таралуын, дамуын, сақталуын және жандандырылуын қамтамасыз ету;
      4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау.
      20. Функциялары:
      1) мәдениет объектілерінің инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді;
      2) мәдениет саласындағы көркемдік білім және ғылыми-педагогикалық қызмет, эстетикалық тәрбие беру үшін жағдайлар туғызады;
      3) облыстық және аудандық қоғамдық-мәдени іс-шараларды өткізеді;
      4) ұлттық-мәдени бірлестіктерімен және өзге де қоғамдық ұйымдармен жұмысты жүзеге асырады;
      5) "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыреттілігіне енетін ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық-аналитикалық жұмысты орындайды;
      6) ауданда тұратын халықтардың рухани дәстүрлерін, мемлекеттік және ұлттық тілдерін дамытудың мемлекеттік саясат саласындағы әдістемелік шараларды жүзеге асырады;
      7) тілдерді дамыту мен үйрену үшін жағдайлар жасау және жәрдемдесу, тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін іске асырады;
      8) мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз ету және ауданда тіл саясатын жүргізеді;
      9) орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтауды, этникалық топтар тілдерін дамытуды қамтамасыз етеді;
      10) аудан тұрғындарының мәдени қажеттілігін болжауды қамтамасызету, ауданда кәсіби - мәдени қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етеді;
      11) мәдениет мекемелерінің көркем оқу-әдістемелік, ақпараттық әдебиетпен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді;
      12) мәдени-сауықтыру жұмыстары мен аудандық кітапханалар жұмысын қолдай отырып, мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту;
      13) ауданда ақпараттық, білімдік және мәдени - ағартушылық қызметтер үшін жағдай жасайды;
      14) мәдениет және тілдерді дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады;
      15) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      16) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс - шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      17) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
      18) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
      19) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық- техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
      20) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
      21) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      21. Құқығы мен міндеттері:
      1) Заңмен қойылған ретте өз қызметін орындау үшін мемлекеттік органдардан, қызметтегі тұлғалардан, өзге де кәсіпорындар мен азаматтардан талап етеді;
      2) "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізуге қатысты сұрақтар бойынша ақпараттық-сараптамалық және өзгеде материалдық дайындауды жүзеге асыру, мәдениет, тілдерді дамыту саласында мемлекеттік орган қызметінің кәсіпорындарын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
      3) жергілікті орындаушы органдар өткізетін шараларға қатысу;
      4)*"Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзырына енетін аудандық бағдарламалардың қаржылануын жүзеге асыру;
      5)*мәдениет, тілдерді дамыту саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
      6) қолданыстағы заңды актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3.л"Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы бірінші басшымен жүзеге асып, "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен олардың функцияларының орындалуына дербес жауапкершілікті жүргізеді.
      23. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы лауазымға аудан әкімімен тағайындалады және босатылады.
      24. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және босатады;
      2) өз құзыреттілігіне байланысты сұрақтары бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындайтын тапсырмалар береді;
      3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан шығады;
      4) құжат айналымын ұйымдастыруды, кадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
      5) "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
      6) "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сыйақы, қосымша төлем, материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын ұсыну және іссапар сұрақтарын шешеді;
      7) заңмен қойылған тәртіпте "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қояды;
      8) "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жемқорлыққа қарсы қойылған іс-әрекетке бағытталған шаралар қолданады, жемқорлыққа қарсы қойылған шараларды қолданғаны үшін жауапкершілік тартады;
      9) "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын өзге де сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды.
      "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезінде өкілеттілікті орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстырушымен жүзеге асырылады.
      25. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым –қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым–қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.

4. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің мүлігі

      28. Заңнамада көрсетілген жағдайларға байланысты "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жедел басқару құқығында оқшау мүлікке ие болады.
      "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлігі меншік иесі берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған қызмет және басқа да көздер нәтижесінде сатып алудан қалыптасады.
      29. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      30. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқа да заңнамада белгіленбеген қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға құқығы жоқ.

5. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады