Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі Тоқта ауылындағы Абай атындағы көшесіне шектеулі іс-шаралар орнату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 4557 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 06 қазандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 06.10.2015 № 5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7-тармақшасына, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысына сәйкес, ауылшаруашылық малдың құтыруын алдын алу және жою мақсатында, Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:
      1. Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылындағы Абай атындағы көшесіне ірі қара малдың құтыруына байланысты шектеулі іс-шаралар орнатылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Ертіс аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (келісім бойынша) және "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша) Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі Тоқта ауылында Абай атындағы көшесінде:
      1) малдардың құтыру ауруының алдын алу және жою іс-шараларын өткізсін;
      2) шектеулі шаралар алынғанша дейін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 "Ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) қағидаларды бекіту туралы" қаулысына сәйкес қажетті шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі А. Кәрібаев
      КЕЛІСІЛДІ
      Ертіс ауданының ветеринария
      бөлімінің басшысы Ж. Усаханов
      2015 ж. "01" маусым
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Ертіс
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Е. Кәрімжанов
      2015 ж. "01" маусым
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министірлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар
      облысы тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаменті Ертіс аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасының басшысы З. Дюсенова
      2015 ж. "01" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады