"Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 6/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 ақпанда № 4290 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 07.11.2016 № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 6/1 қаулысымен
бекітілді

"Лебяжі ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Лебяжі ауданының аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі,13.
      10. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел образования Лебяжинского района".
      12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      17. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі мақсаты: білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және Лебяжі ауданында білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
      18. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні: білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
      19. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
      6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
      8) қоғам мен экономикалық қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
      9) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
      10) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
      11) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
      12) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.
      20. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары:
      1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады және солармен қамтамасыз етеді, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      4) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      5) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      6) аудан деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектептің ғылыми жобалар олимпиадасы мен конкурстарын, орындаушылар конкурсын және кәсіби шеберлік конкурстарын, мектеп олимпиадаларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
      7) балаларға аудан деңгейінде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      8) бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
      9) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      11) білім беру саласының уәкілетті органдарына өтінімге сәйкес одан әрі жұмысқа орналастырумен ауылдық жерде кадрлар қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады;
      12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      13) қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;
      14) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      15) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
      16) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiтедi;
      17) аудан деңгейіндегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      19) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
      20) балаларға әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;
      21) ақпараттандыру және кеңестер өткізудің тәртібін, баланың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды анықтайды;
      22) ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді шығарады, олардың іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      23) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мүлкінің сақталуы мен пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
      24) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      25) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізу үдерісінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады, бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
      26) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      27) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      28) "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      29) аудан әкімі тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және орындайды;
      30) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнатады және дамытады;
      31) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
      32) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
      33) ауданның білім беру объектілері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтеріне ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      34) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттіктеріне аттестаттау жүргізеді;
      35) "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда азаматтардың білім мәселелері бойынша ұсыныстарын, өтініштерін, арыз -шағымдарын уақытында қарастыруды қамтамасыз етеді;
      36) Алынып тасталды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 22.02.2016 N 26/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37) ағымдағы шотқа ақшалай қаражатты аудару жолымен патронаттық тәрбиешілердің еңбекақысын төлеу.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 22.02.2016 N 26/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімі мен әкімдігіне дамудың негізгі бағыттары, білім беру саласындағы мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
      2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
      3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
      4) "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында өкілдік ету;
      5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
      6) қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Лебяжі ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      22. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      4) "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      6) "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;
      7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
      8) "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      26. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      27. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. "Лебяжі ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      28. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.
      29. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

"Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:

Мемлекеттік мекемелер

      1) "Лебяжі ауданының Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Лебяжі ауданының Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Лебяжі ауданының Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Лебяжі ауданының Қазы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Лебяжі ауданының Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Лебяжі ауданының Майқарағай жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Лебяжі ауданының Шақа жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Лебяжі ауданының Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Лебяжі ауданының А. Баймолдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Лебяжі ауданының С. Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Лебяжі ауданының Потанин жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      12) "Лебяжі ауданының Б. Уахатов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Лебяжі ауданының Тілектес жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      14) "Лебяжі ауданының Шарбақты жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      15) "Лебяжі ауданының Ямышев жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Лебяжі ауданының Зор-Октябрь жалпы негізгі білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Лебяжі ауданының Тақыр жалпы негізгі білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Лебяжі ауданының Ленин жалпы негізгі білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Лебяжі ауданының Амангелді жалпы негізгі білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      20) "Лебяжі ауданының Жабағылы жалпы негізгі білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Лебяжі ауданының Жаңатаң жалпы негізгі білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      22) "Лебяжі ауданының Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округінің Шәмші бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар

      1) "Лебяжі ауданы әкімдігі Лебяжі ауданы білім бөлімінің "Жастар" балалар-жасөспірімдер клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
      2) Лебяжі ауданы білім бөлімінің "Лебяжі ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады