Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 6/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 26/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 наурызда № 4980 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 07.11.2016 № 263/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 6/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4290 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 ақпанда "Аққу үні - Вести Акку" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
      20-тармақта:
      36) тармақша алынып тасталсын.
      2. "Лебяжі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады