"Лебяжі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы"

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 2/44 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 тамызда № 4642 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 254/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 18.03.2020 № 254/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 14.06.2016 N 18/5 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Лебяжі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру мөлшері 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемі мүгедек баланы психологиялық-педагогикалық коррекцияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленеді.

      3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Шаймарданов
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Әлтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады