Аққулы ауданында мүгедектер катарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 254/52 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 6774 болып тіркелді. Күші жойылды -Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 54/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 54/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіру тоқсан сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Мүгедек баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемі бір жылға тағайындалады және оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне төленеді деп төлеу тәртібі айқындалсын.

      3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      4. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі "Лебяжі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" № 2/44 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4642 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 маусымдағы "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 шілдедегі "Лебяжі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" № 2/44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5152 болып тіркелген, 2016 жылғы 08 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) № 18/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы С. Мусинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады