Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 18.03.2020 № 254/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 49-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" № 615 қаулысына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 шілдедегі "Лебяжі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" № 2/44 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4642 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамыздағы аудандық "Аққу үні" - "Вести Акку" газетінде № 32 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде:
"Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29-бабының 6-тармағына" сөздері мен сандары алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 217 қаулысына" сөздері мен сандары алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | С. Мүсінова |