Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 8/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Лебяжі аудандық мәслихаттың аграрлық сектор, экология, энергетика, көлік және байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кезінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Шаймарданов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ. Әлтаев |