Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 24/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 тамызда № 5223 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 207/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 19.06.2019 № 207/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі "Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 3/44 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4649 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамыздағы аудандық "Аққу үні" - "Вести Акку" газетінде № 32 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық сектор, экология, энергетика, көлік және байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы С. Мүсінова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады