Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданында 2015 жылға халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар адамдар;
2) 50 жастан асқан адамдар;
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
4) 21 жастан бастап 29 жасқа дейінгі адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтарына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ысқақова |