Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 30/227 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 42/328 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 4366 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 71/315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:

      Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" № 30/227 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3734 тiркелген, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Заман тынысы" аудандық газетiнiң № 12, 2014 жылғы 20 наурыздағы "Нива" аудандық газетiнiң № 12 жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер және толықтыру енгiзiлсiн:

      10-тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын.

      9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге факт шығындар бойынша осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      9-тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санат үшін тұрғын үй жөндеуге факт шығындар бойынша осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса берумен уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш негізінде 54 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10-тармағының 2) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталынсын;

      11-тармағының 1) тармақшасындағы екінші абзацында "70" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын.

      11-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталынсын;

      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Баткеев
      Мәслихат хатшысы Б. Оралов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады