Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 144/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 4473 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 201/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 25.06.2015 № 201/6 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 43-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қылмыстық-атқару кодексiнiң 57-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
       Ауылдық округтер мен ауыл әкімдері Павлодар ауданының пробация қызметінің келісімі бойынша сотталған адамдардың қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуі үшін объектілер тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
       Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Әутәліпов

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "29" сәуір
№ 144/4 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге
сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты арамшөптен тазарту.
      6. Қоқысты жинау және тиеу.
      7. Жас бұтақтарды кесу.
      8. Ағаштарды кесу.
      9. Ағаштарды әктеу.
      10. Ағаштар егу.
      11. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
      12. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      13. Шөптi шабу.
      14. Ғимараттарды әктеу.
      15. Ғимараттарды сырлау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады