Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін белгілеу туралы" № 144/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 201/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Павлодар ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстар түрлерін белгілеу туралы" № 144/4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 мамырда № 4473 тіркелген, 2015 ж. 28.05. № 21 (208) "Нива", 2015 ж. 28.05. № 21 (8039) "Заман тынысы" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Ажмұратқа жүктелсін.
      Аудан әкімі А. Бабенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады