Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 24/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 4325 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 121/5 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 21.05.2015 № 121/5 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі белгіленсін.
      2. "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Демеуов

  Успен ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "11" ақпандағы
№ 24/2 қаулысына
қосымша

Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау
ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
      2. Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының жылдық есебі келесі формула бойынша есептеледі:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – жылына аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың баланстағы мемлекеттік тұрғын емес қордың нысандарын жалға алу ақысының мөлшерлемесі;
      Бс – 1 шаршы метрге жалға алу базалық мөлшерлемесі Успен ауданының аумағында Қазақстан Республикасының тиісті республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген жылына 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жолдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жолдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Аудандық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы жолдаушымен алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
      3. Аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалға алу ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:

Р/с №
Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 әкімшілік
1,0
1.2 өдірістік
0,8
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық
0,6
1.4 спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар)
0,7
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк):
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1,0
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі
0,9
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса кезде, әрбір түрге 0,1-ге азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
4.1 аудан орталығы үшін
1,0
4.2 кент, ауыл
0,5
4.3 демалыс аймағы
1,0
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпочта" акционерлік қоғамның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар
2,5
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін, сонымен қатар ұялы байланыс, радио байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін
3,0
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін
2,5
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
1,5
5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру
1,1
0,9
0,8
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,0
5.7 оқу орындарында асханалар және буфеттерде тамақтануды ұйымдастыру үшін
0,4
5.8 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін
1,9
6
Жолдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф)
 
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп акциялар пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекеике тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
6.4 қалғандары үшін
1,0

      4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
       мұнда:
      Ап – жылына жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін жалдау ақысының мөшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады