Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы "Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілеу туралы" № 24/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 121/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 мамырдағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес және Павлодар облысы Әділет департаментінің 2015 жылғы 08 мамырдағы № 8-05/1296 ұсынымы негізінде, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы "Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілеу туралы" № 24/2 қаулысының (2015 жылғы 04 сәуірдегі № 13 "Аймақ ажары" аудандық газетте жариаланды, 2015 жылғы 27 ақпанда № 4325 Павлодар облысы Әділет департаментінде тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
      Аудан әкімі Б. Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады