Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХІ кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 21 ақпанында № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында "Апта айнасы" № 9, 2014 жылдың 28 ақпанында "Сельские будни" № 9 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
бірінші абзацтың 2) тармақшасындағы "100000" деген сандар "300000" деген сандармен ауыстырылсын.
Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Cессия төрағасы | А. Ви |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |