Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 261/47 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 тамызда № 4658 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 306/55 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 16.02.2016 № 306/55 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
       Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Д. Нәукенов
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады