Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 263/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 4838 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 7/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 10.01.2018 № 7/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Аудан әкімінің м.а. Б. Жүсіпбаев

  Павлодар облысы
Успен ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "27" қарашадағы
№ 263/11 қаулысымен
бекітілген

Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Успен ауданының "Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Успен ауданының "Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің барлық құқықтары мен міндеттері бойынша құқықтарын толық иеленуші болып табылады.

      5. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      6. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды.

      8. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000, Успен ауданы, Белоусов ауылы, Школьная көшесі, 8 "а".

      10. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі-жұма күндері, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Белоусовского сельского округа" Успенского района.

      12. Мемлекет Успен ауданының әкімдігі тұлғасында Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Успен ауданының Белоусов ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауылдық округ әкімінің ведомстволық қарамағындағы аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасызе ету болып табылады.

      18. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) ауылдық округ әкімінің өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;

      2) қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың, қазақстандық отансүйгіштіктің конституциялық қағидаттарын іске асыруға, өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуге ықпал ету;

      3) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тактикасы жетілдіру жоспарларын әзірлеуге қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      5) ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жоғары мен жергілікті мемлекеттік органдары, ұйымдары және азаматтарымен өзара іс - қимыл жасасу;

      7) Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып табылатын аудандық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуді қамтамасыз ету;

      8) ауылдық округ әкімінің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, семинарларды өткізуді қамтамасыз ету;

      9) оның құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қабылдауын ұйымдастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;

      2) Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіде мемлекеттік пен ресми тілде іс жүргізуін ұйымдастыру және құжаттардың сақталуына бақылау;

      3) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдердің жобаларын дайындау;

      4) жеке және заңды тұлғаларға қажетті құжаттарды ресімдеу және беру;

      5) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындаушыларға өз уақытында жеткізуін қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік есепті жүргізу және есепті құрастыру;

      7) Қазақстан Республикасының заннамаға сәйкес шарттар жасайды;

      8) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      10) кадр жұмысын ұйымдастыру;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген оның құзыретіне кіретін басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүклетген міндеттерді орындау және осы Ережеде қарастырылған өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте:

      1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда ауылдық округ әкімінің мүдделерін қорғауға;

      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі қажетті ақпаратты, қажаттар мен өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;

      4) жергілікті мемлекеттік органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысуға;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға құқығы бар.

      Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:

      1) әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, аппараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      3) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну жатады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

3. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады және "Успен ауданының Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды атқару үшін дербес жауап береді.

      23. Ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке сайланады, өкілеттігін тоқтатады және қызметінен босатылады.

      24. Ауылдық округ әкімінің өкілеттігі:

      1) Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      3) Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

      4) Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;

      6) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бақару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

      7) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;

      10) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемені ұсынады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      25. Ауылдық округінің әкiмi өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшін жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi.

      26. Ауылдық округінің әкімінің өкілеттіктерін, ол болмаған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      27. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті орган (ауданының жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (ауданының жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамада өзгеше көзделмесе, Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктін шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      33. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      34. "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мәліметтерді ұсынумен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділік мониторингі мен жыл сайынғы есебі Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өткізіледі.

5. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      35. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқаруындағы
мекемелердің тізімі

      37. Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйым бар:

      Успен ауданы әкімдігі Успен ауданының Белоусов ауылдық округ әкімі аппаратының "Белоусов ауылының мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады