Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 11.12.2020 № 280/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 2–3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 130/44 "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы ауданның "Маралды" газетінде, 2014 жылғы 1 мамырдағы ауданның "Трибуна" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
үшінші абзацтағы "69 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)" сандары мен сөздері "150000 (жүз елу мың) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "1,8 АЕК" сандары мен сөздері "10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын";
алтыншы абзацтағы "1,8" сандары "10" деген сандармен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы "1,8" сандары "10" деген сандармен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "14" сандары "10" деген сандармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "3,5" сандары "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы "1,8" сандары "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы "3,5" сандары "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы "1,8" сандары "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он төртінші абзацтағы "1,8" сандары "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Ибрагимова |
Аудандық мәслихат хатшысының | |
міндетін атқарушы | Б. Паванов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
2015 жылғы "3" наурыз |