Қоса беріліп отырған мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
"Шарбақты ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулыны аумақтық әділет органында заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде аудандық "Трибуна" және "Маралды" газеттерінде ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |
Шарбақты ауданының 2015 жылғы "15" шілде № 204/7 қаулысымен бекітілді |
Шарбақты ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктердін мөлшері
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көп балалы отбасылар оқушы-балалар | Тегін |
3 | Балалар үйлерінен оқушы-балалар | Тегін |
4 | Спорт ардагерлері | Тегін |
5 | Әр түрлі спорт түрлерінен аудан құрама командасы, облыстық жарыстарға сапалы дайындалу үшін | Тегін, уақытымен |
6 | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
7 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |
8 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру–сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік |