2015 жылға Шарбақты ауданы бойынша нысаналы топтардың қосымша тізбесін анықтау туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 268/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қазанда № 4738 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына және 7 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" № 162 Қаулысына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нысаналы топтарға жататын келесі тұлғалардың қосымша тізбесі анықталсын:

      1) 21-ден 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;

      2) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (еңбек өтілі жоқ);

      3) отбасында бірде-біреуі жұмыс істемейтін жұмыссыз тұлғалар;

      4) 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар;

      5) 9 айдан артық жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады