Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы" № 836 қаулысына сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіммінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 4236 тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Маралды" және "Трибуна" аудандық газеттерінде жарияланған) № 445/19 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген қаулының 1 қосымшаcындағы реттік номерлері 16, 17, 18, 19 – жолдар алып тасталсын;
2) жоғарыда көрсетілген қаулының 2 қосымшасында:
реттік номері 7 жолдағы "2" сандары "4" сандарына ауыстырылсын;
реттік номері 8 жолдағы "8" сандары "9" сандарына ауыстырылсын;
реттік номері 9 жолдағы "4" сандары "8" сандарына ауыстырылсын;
реттік номері 12 жолдағы "2" сандары "4" сандарына ауыстырылсын;
реттік номерлері 16, 17, 18, 19 – жолдар алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |