Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары бекітілсін.
2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Есімов
Алматы қаласы әкімінің
2015 жылғы 01 шілдедегі
№ 2 шешімімен бекітілді
Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда
шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес әзірленді және Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін белгілейді.
2. Қағидалардың мақсаттары мен міндеттері
2. Нормативтік актіні қабылдаудың мақсаты мен міндеті Алматы қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларда шыны ыдыстағы өнімдерді сату кезіндегі тәртіпті белгілеу болып табылады.
3. Шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды ұйымдастыру
3. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер спорттық-бұқаралық, ойын сауық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық іс-шара) өткізілетін аумақта шыны ыдыстағы өнімдерді сату уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген орындарда жүзеге асырылады.
4. Шыны ыдыстағы өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, қауіпсіздік техникасының ережелері және өрт қауіпсіздігі сақталған жағдайда сатылады.
5. Заңды тұлғалар және сауда нысандарының жеке кәсіпкерлері шыны ыдыстағы өнімдерді сату кезінде жүзеге асырады:
1) инженерлік инфрақұрылымды, тоңазытқыштың техникалық қызмет көрсетуін, сауда және өзге де жабдықтарды құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
2) сауда нысанын қорғау;
3) сауда орнынан қоқыстардың шығарылуын қамтамасыз ету;
4) сауда нысандарын мерекелік, тақырыптық ресімдеу.
6. Бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырушылары мыналарды қарастырады:
1) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды жүзеге асыратын сауда нысандарының орналасу сызбасының болуы;
2) шыны ыдыстағы өнімдерді сатуды жүзеге асыратын сауда нысандары орналасқан орындарда контейнерлер, қоқыс жинайтын жәшік орнату;
3) шыны ыдыстағы өнімдерді сатудың уақыты, орны және тәртібі туралы ақпараттарды заңды тұлғаларға және сауда нысандарының жеке кәсіпкерлеріне жеткізу.
4) ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда сауда ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
4. Осы Қағидалардың сақталуын бақылау
7. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өз құзыретінің шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.