Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 3/548 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қазанда № 1211 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 2/247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.04.2021 № 2/247 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктердің карантині туралы" Заңының 9-1 бабының 3) тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының Алматы қаласының аумағында аса қауіпті карантиндік ауру жеміс ағаштарының бактериялық күйігі Erwinia amylovora (Burill) Winslow et al., (бұдан әрі мәтін бойынша – карантинді нысан), ошағы табылғаны туралы 2015 жылғы 3 шілдедегі №04-09/478, 2015 жылғы 16 шілдедегі №04-09/506, 2015 жылғы 28 шілдедегі №04-09/536 ұсыныстарының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының аумағында карантинді нысанды толық жойғанға дейін карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантинді нысандардың таралу ошағын оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.

      3. Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі

Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 3/ 548 қаулысына қосымша

Алматы қаласының аумағындағы карантин
режимі енгізілген карантинді аймақтар

Аудандардың атауы, карантинді нысандардың таралу ошақтары

Залалданған алаң, гектар

1

Жетісу ауданы:

Рысқұлов даңғылы, Қазыбаев және Жансүгінов көшелерінің арасында

0,03

2

Бостандық ауданы:

"Нұрлытау" шағынауданы,

0,02

3

Бостандық ауданы:

"Жайлау" шағынауданы,

17


Алматы қаласы бойынша барлығы

17,05


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады