Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімдігінің "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 4 шілдедегі № 3/549 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1075 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамыз күні "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
2) "Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 3/548 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1211 тіркелген, 2015 жылғы 15 қазандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |