Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2015 жылғы 24 ақпандағы N 03 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда N 1134 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 11 сәуірдегі 2019 жылғы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 11.04.2019 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 1034 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 52-53 (4927) санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы №51-52 (12728-12729) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы №№ 38, 39, 47, 50, 71 сайлау учаскелерінің шекаралары және № 122 сайлау учаскесінің орталығы осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

      3. Осы шешімінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Қ. Әбілқақоваға жүктелсін.

      5.Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғат ресми жарияланған күннен кейін күнтізбек бойынша он күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

С. Құсайынов


  Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2015 жылғы "24" ақпандағы № 03
шешіміне қосымша

      № 38 сайлау учаскесі

      Орталығы: 050046, Алматы қаласы,

      Абай даңғылы, 191, Д.А. Қонаев атындағы

      Тау-кен істері институты,телефон: 3954909.

      Шекаралары: Төле би көшесінен Нұғиса Тілендиев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Сайран өзенінің шығыс жағалауына дейін; Сайран өзенінің шығыс жағалауымен Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің жұп санды жағымен Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін.

      № 39 сайлау учаскесі

      Орталығы: 050009, Алматы қаласы,

      Түркебаев көшесі, 176,"№75 жалпы білім

      беру мектебі", коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, телефон: 2683284, 3744849.

      Шекаралары: Түркебаев көшесінен Абай даңғылының тақ санды жағымен Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің жұп санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесінің тақ санды жағымен Есенжанов көшесіне дейін; Есенжанов көшесінің жұп санды жағымен Түркебаев көшесіне дейін; Түркебаев көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін.

      № 47 сайлау учаскесі

      Орталығы:050009, Алматы қаласы, Тұрғыт Өзалы

      көшесі,30, "№58 жалпы білім беру мектебі",

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      телефон: 2408470.

      Шекаралары: Дүйсенов көшесінен Аносов көшесінің жұп санды жағымен Артемов көшесіне дейін; Артемов көшесінің тақ санды жағымен Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің жұп санды жағымен Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесінің жұп санды жағымен Гайдар көшесіне дейін; Гайдар көшесінің тақ санды жағымен Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің жұп санды жағымен Аносов көшесіне дейін.

      № 50 сайлау учаскесі

      Орталығы: 050009, Алматы қаласы, Тұрғыт Өзалы

      көшесі, 30, "№ 58 жалпы білім беру мектебі",

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      телефон: 2408470.

      Шекаралары: Розыбакиев көшесімен Дүйсенов көшесінің тақ санды жағымен Гайдар көшесіне дейін; Гайдар көшесінің жұп санды жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Аносов көшесіне дейін; Аносов көшесінің тақ санды жағымен Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесінің жұп санды жағымен Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесінің тақ санды жағымен Дүйсенов көшесіне дейін.

      № 71 сайлау учаскесі

      Орталығы: 050026, Алматы қаласы, Түркебаев көшесі,

      93, "№ 144 мектеп-гимназиясы"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

      телефон: 2412393.

      Шекаралары: Розыбакиев көшесінен Төле би көшесінің тақ санды жағымен Тұрғыт Озал көшесіне дейін; Тұрғыт Озал көшесінің жұп санды жағымен Артемов көшесіне дейін; Артемов көшесінің жұп санды жағымен Аносов көшесіне дейін; Аносов көшесінің жұп санды жағымен Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесінің жұп санды жағымен Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесінің тақ санды жағымен Төле би көшесіне дейін.

      № 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: 050016, Алматы қаласы, Абылай хан

      даңғылы, 20, "№147 гимназия" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, телефон: 2705783.

      Шекаралары: Фурманов көшесінен Маметова көшесінің тақ санды жағымен Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының жұп санды жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесінің тақ санды жағымен Маметов көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады