Тереңдете қайта өңдеп өнім түрлерін шығару үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 96 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде N 3202 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2017 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабының 2-тармағы 12-7) тармақшасына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес тереңдете қайта өңдеп өнім түрлерін шығару үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
      2. Қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 96 қаулысына қосымша

Тереңдете өңдеп өнім түрлерін өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/литр
Шикі сүт
сары май
16,0
Шикі сүт
қатты ірімшік
20,0
Шикі сүт
құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған)
15,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады