"Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 123 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы N 91 және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы N 33/11 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде N 3234 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы" бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 123 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14/1 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 2251 тіркелген, 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 47 "Солтүстік Қазақстан" газетінде, 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 48 "Северный Казахстан" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі барлық мәтінде "ауылдық (селолық)", "селолық" сөздері "ауылдық" сөзіне алмастырылсын;
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
Е.Сұлтанов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХХХІІІ сессиясының төрағасы-
хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады