"Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Петропавл қаласы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда N 3185 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2015 жылғы 21 қазандағы N 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 21.10.2015 N 35 шешімімен (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Петропавл қаласы әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3133 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурыздағы № 11 "Қызылжар нұры" және 2015 жылғы 20 наурыздағы № 11 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында бесінші абзацтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "№ 625 сайлау учаскесі
      Орталығы – "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі "Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Велосипед спортының олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Казахстанская правда көшесі, 33, тел. 532934".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т. Қ. Есжановқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оны бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов
      "Келісілді"
Петропавл қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
2015 жыл
Н. Петров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады