Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Петропавл қаласы аумағында тіркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 41 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3509 болып тіркелді
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.С. Баллоға жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз