"Жер салығының ставкалары туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2015 жылғы 9 шілдедегі N 35-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда N 3344 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 12.04.2018 № 19-12 (алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабы 3 тармағы 107) тармақшасына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Жер салығының ставкалары туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 шілдеде № 13-2-103 тіркелген, 2009 жылғы 30 шілдеде "Аққайың" газетінде, 2009 жылғы 30 шілдеде "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі тақырыптың мәтіні өзгермейді:
      "Жер салығының мөлшерлемелері туралы";
      шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
      3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қолданылмайтын бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".
      2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, көрсетілген шешімнің 1 тармағының екінші бөлімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V шақырылған ХХХV сессия
төрағасы
Т. Рамазанов
      Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Құрманбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің
мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
Департаментінің
Аққайың ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
2015 жылғы 9 шілде
А. Дүйсембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады