Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 160 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда N 3253 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы N 187 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 28.06.2016 N 187 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. "Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 174 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 13-5-79 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2008 жылғы 4 тамыздағы "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2008 жылғы 4 тамыздағы "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі
В. Дудов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының хатшысы
2015 жылғы 16 сәуір
Б. Ысқақова

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 160 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
       1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
       2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
       3) бөлімшенің басшысы;
       4) зертхананың басшысы;
       5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
       6) тіс дәрігері;
       7) психолог;
       8) медициналық бике;
       9) медициналық статистик;
       10) акушер;
       11) зертханашы;
       12) фармацевт;
       13) фельдшер;
       14) әлеуметтік жұмыс бойынша маман.
       2. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандардың лауазымдары:
       1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
       2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
       3) кеңесші;
       4) жұмыспен қамту орталығының маманы.
       3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
       1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
       2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
       3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
       4) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
       5) кітапхана меңгерушісі;
       6) интернат меңгерушісі;
       7) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
       8) әлеуметтік педагог;
       9) психолог;
       10) логопед;
       11) тәрбиеші;
       12) тәрбиешінің көмекшісі;
       13) аға жетекші;
       14) оқытушы;
       15) музыкалық жетекші;
       16) нұсқаушы;
       17) әдістеме кабинетінің жетекшісі,
       18) әдіскер;
       19) шебер;
       20) медициналық бике;
       21) емдәм бикесі;
       22) кітапханашы;
       23) зертханашы;
       24) хореограф;
       4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
       1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
       2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
       3) кітапхана меңгерушісі;
       4) клуб меңгерушісі;
       5) бөлімшенің басшысы;
       6) аккомпаниатор;
       7) библиограф;
       8) дыбыс режиссеры;
       9) мәдени ұйымдастырушы;
       10) әдіскер;
       11) музыкалық жетекші;
       12) көркем өнерінің жетекшісі;
       13) аға кітапханашы;
       14) кітапханашы;
       15) хореограф;
       16) суретші.
       5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
       1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
       2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
       3) нұсқаушы;
       4) әдіскер;
       5) жаттықтырушы;
       6) жаттықтырушы-оқытушы.
       6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
       1) ветеринар дәрігер;
       2) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады