"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4 бабы 5 тармағы 3) тармақшасына, 48 бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Корнеевка селолық округінің Корнеевка селосының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оны алғаш жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Әбішев |