Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізу үшін үй-жайларды ұсыну және үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орынды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 21 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда N 3079 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы N 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 15.06.2015 N 196 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 46- тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.
      2. Шарттық негізде аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жай 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

И. Турков

      "КЕЛІСІЛГЕН"


      Жамбыл аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы

Л. Топорова

      2015 жылдың 22 қаңтары


   


Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтарындағы № 21 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округінің аумағында аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орын

р/№
 

Селолық округтің атауы
 

Елді-мекеннің атауы
 

Үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыру үшін орын
 

1
 

Благовещенка
 

Благовещенка селосы
 

"Благовещенка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына іргелес аумақтағы ақпараттық стенд
 


Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтарындағы № 21 қаулысына 2-қосымша

Аудандық мәслихаттың депутаттығына барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жайлар

р/№
 

Селолық округтің атауы
 

Елді-мекеннің атауы
 

Үгіт-насихаттық баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
 

1
 

Благовещенка
 

Благовещенка селосы
 

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селолық округі әкім аппаратының "Благовещенка мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының мәжіліс залы
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады