Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 184 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 мамырда N 3250 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы N 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 29.02.2016 N 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабының 3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 шілдедегі № 299 (2008 жылғы 26 тамызда № 13-8-90 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, "Маяк" аудандық газетінде 2008 жылғы 29 тамызда, "Қызылжар" аудандық газетінде 2008 жылғы 29 тамызда жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
2015 жылғы 10 сәуір
А. Молдахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 184 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және елді мекенде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 03.06.2015 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      2) барлық мамандықтардың орташа медициналық ұжымы, оның ішінде:
      медициналық бике;
      емдәм бике;
      әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      зертханашы;
      акушер;
      тіс дәрігері;
      тіс технигі;
       фельдшер;
      психолог.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күту жөніндегі әлеуметтік жұмыскер;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
      4) қызметпен қамту маманы.
      3. Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме басшысы;
      2) қазыналық кәсіпорын басшысы;
      3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
      4) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын басшысы;
      5) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      7) әлеуметтік педагог;
      8) педагог-психолог;
      9) тәрбиеші;
      10) музыкалық басшы;
      11) әдіскер;
      12) медициналық бике;
      13) кітапханашы;
      14) тәлімгер;
      15) интернаттың меңгерушісі;
      16) психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
      17) аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
      18) өндірістік оқыту шебері;
      19) мектепке дейінгі ұйымдардағы дене шынықтыру нұсқаушысы;
      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) директор;
      2) кітапхана меңгерушісі;
      3) клуб меңгерушісі;
      4) әдіскер;
      5) кітапханашы;
      6) библиограф;
      7) редактор;
      8) көркемдік жетекші;
      9) аккомпаниатор;
      10) режиссер;
      11) солист;
      12) дыбыс режиссері;
      13) хореограф;
      14) музыкалық жетекші.
      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) директор;
      2) оқу ісі жөніндегі директор орынбасары;
      3) жаттықтырушы-оқытушы.
      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) мал дәрігері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады