"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 265 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 шілдеде N 3299 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы N 121 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 16.03.2016 N 121 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №184 қаулысына (2015 жылғы 15 мамырда №3250 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда №21 (5524) "Маяк" газетінде, 2015 жылғы 22 мамыр № 22 (585) "Қызылжар" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
2015 жылғы 03 маусым
А. Молдахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 маусымдағы № 265 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 184 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және елді мекенде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      2) барлық мамандықтардың орташа медициналық ұжымы, оның ішінде:
      медициналық бике;
      емдәм бике;
      әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      зертханашы;
      акушер;
      тіс дәрігері;
      тіс технигі;
       фельдшер;
      психолог.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
      2) күту жөніндегі әлеуметтік жұмыскер;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
      4) қызметпен қамту маманы.
      3. Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме басшысы;
      2) қазыналық кәсіпорын басшысы;
      3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
      4) мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын басшысы;
      5) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      7) әлеуметтік педагог;
      8) педагог-психолог;
      9) тәрбиеші;
      10) музыкалық басшы;
      11) әдіскер;
      12) медициналық бике;
      13) кітапханашы;
      14) тәлімгер;
      15) интернаттың меңгерушісі;
      16) психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
      17) аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
      18) өндірістік оқыту шебері;
      19) мектепке дейінгі ұйымдардағы дене шынықтыру нұсқаушысы;
      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) директор;
      2) кітапхана меңгерушісі;
      3) клуб меңгерушісі;
      4) әдіскер;
      5) кітапханашы;
      6) библиограф;
      7) редактор;
      8) көркемдік жетекші;
      9) аккомпаниатор;
      10) режиссер;
      11) солист;
      12) дыбыс режиссері;
      13) хореограф;
      14) музыкалық жетекші.
      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) директор;
      2) оқу ісі жөніндегі директор орынбасары;
      3) жаттықтырушы-оқытушы.
      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) мал дәрігері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады