Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 07 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде N 3193 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы N 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 23.11.2015 N 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 07 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3135 тіркелді, 2015 жылғы 03 наурызда аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінде, 2015 жылғы 03 наурызда "Вести" аудандық газетінде жарияланды) шешіміне (бұдан әрі - шешім) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      № 248 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:
      "№ 248 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Сейфолла ауылы, Интернациональная көшесі, 23, жеке меншік үйдің ғимараты (келісім бойынша);
      сайлау учаскесінің шекаралары: Сейфолла ауылы;";
      № 282 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:
      "№ 282 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан жері: Чистовское ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының "Чистов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Чистовское ауылы;".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Е. Әубәкіровке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 наурыздан пайда болған қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Қ. Пішенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
2015 жыл 02 сәуір
В.Фиц

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады