"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 285 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 шілдеде № 3290 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 10.04.2017 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 124 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Иманслям

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 285 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомство жоқ.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір тарабы ретінде болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2.
      10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – қазақ тілінде: "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Тайыншинского района Северо-Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің борышы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің борышы: жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.
      15. Міндеттері:
      1) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, оны дамытуға жәрдемдесу.
      2) Аз қамтамасыз етілген отбасылардың, жұмыссыз азаматтардың, ардагерлердің, мүгедектер мен басқа да бөлек санаттағы мұқтаж азаматтардың әлеуметтік қолдауын ұйымдастыру.
      3) Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен көзделген мемлекеттік кепілдіктерді, азаматтардың құқықтарын, олардың мүдделерін қорғау.
      4) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ақпараттандыру.
      5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да міндеттері.
      16. Функциялары:
      1) Еңбек нарығындағы жағдайды болжамдау және талдау, кадрлардың қозғалысы туралы жұмыс берушілермен ұсынылатын ақпарат негізінде халықтың жұмыспен қамтудың ағымдағы және болашақ бағдарламаларды жүзеге асыру (жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, оқыту, бос жұмыс орындарының бар болуы);
      2) Жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын құру және Республикалық және аудандық жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу;
      3) Аудандық әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне, жұмыспен қамту қызметіне келгендердің және жұмыссыздардың бос жұмыс орнына кәсіптік сәйкестіктеріне талдау жүргізу, теңгерімсіздік есебін анықтау және еңбек нарығын реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;
      4) Аудан аумағында тұратын нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамту;
      5) Жұмыссыздардың келісімі бойынша оларды қоғамдық жұмыстарға жолдау. Төленетін қоғамдық жұмыстарды өткізуге келісім шарт жасау;
      6) Жұмыспен қамту мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте хаттар, шағымдары мен азаматтардың жеке өтініштерін қарау, халық пен заңды тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізу;
      7) Жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіби оқыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      8) Еңбек нарығындағы кадрлық ахуалға болжамдық-талдаулық баға беру (жұмыспен қамту қызметіне өтініш бергендер мен оқу орындар түлектерінің кәсіптік құрамы еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкестігі);
      9) Облыстың басқа аудандарының өкілетті органдарымен жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар өткізу, жұмыс тәжірибесімен алмасу;
      10) Азаматтарды жұмысқа орналастыру мерзімін қысқартуға бағытталған жұмыстың жаңа прогрессивті түрлері мен әдістерін енгізу, жұмыссыздар мен жұмыс берушілерге қызмет көрсету үшін арналған іс-шаралар сапасын көтеру және тізбесін кеңейту;
      11) Жұмыссыздар мен жұмыс іздеуші азаматтармен өзара байланысын жақсарту бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін енгізу, бағдарламалар мен қызметтерге ұсыныстар әзірлеу;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес аз қамтамасыз етілген халық қатарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      13) Кедейлік шегінен төмен тұрған және атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж контингентті анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      14) Жергілікті бюджет жобасын, аудан халқын әлеуметтік қорғау жүйесін сәйкес жылға әзірлеу;
      15) Микрокредит мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде қатысу және ауданның аз қамтамасыз етілгендердің қатарына оларды ұсынуда жәрдемдесу;
      16) Кедейлік шегінен төмен тұратын халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті мақсатты тағайындауға және төлеуге бақылауды қамтамасыз ету;
      17) Көп балалы отбасыларды, ана мен мүгедек балаларды қорғау, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын және олардың отбасы мүшелерін, сонымен қатар әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың басқа топтарын қорғау бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
      18) Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, ауылдық округтер әкімдері аппараттарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;
      19) Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      20) Психолого-медико-педагогикалық кеңесінің ұсыныстарына сәйкес басқа біреудің күтіміне мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      21) Денсаулық сақтау, білім органдарымен бірлесіп, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі балаларды айқындау және есеп жүргізу;
      22) Ұлы Отан соғысының мүгедектерін, қатысушыларын және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғаушылықты жүзеге асыру;
      23) Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үй мен психоневрологиялық интернат үйіне мұқтаж азаматтарды орналастыру, соның ішінде үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі арқылы анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру және оларды осы мекемелерге жолдау үшін құжаттар рәсімдеу;
      24) Мүгедектерді, қарт азаматтарды, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп мамандандырылған қызметтер желісін ұйымдастыру;
      25) Аудан азаматтарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен (ардагерлер ұйымдарымен, мүгедектер қоғамдарымен) бірлескен қызметті ұйымдастыру;
      26) Халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау және қайырымдылық көрсету саласында үйлестіру функцияларын жүзеге асыру;
      27) Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану, азаматтарды, мекемелерді және ұйымдарды бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдау, кеңес беру;
      28) Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, заңдарын, халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін орындауға жәрдем көрсету;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажет құжаттарды, тұжырымдамаларды, анықтамаларды және басқа мәліметтерді аудандық жергілікті атқарушы органдарынан, сондай ақ меншік нысандарына тәуелді емес ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан бекітілген тәртіпте сұратуға және алуға;
      2) Мекеме құзыретіне енгізілген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басқаруды жүзеге асыруға, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнамаларды қолдану бойынша түсініктемелер беруге;
       3) Білім мәселелерін жүргізетін мемлекеттік органдардан, білім мекемелерден, оқу курстарынан, даярлау, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жоғарылатуды жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдардан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, жүргізілетін оқу бойынша кәсіптер (мамандықтар) туралы ақпаратты, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша дайындалған және дайындауға жоспарланған мамандардың санын сұратуға;
      4) "Халықты жұмыспен қамту", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңдарды және жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты мемлекеттік басқа нормативтік құқықтық актілерін бұзуды шеттету туралы ұсыныс енгізуге;
      5) Үйлестіру кеңесі отырыстарында бөлім құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша меншік нысандарына тәуелді емес ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының есебін тыңдауға;
      6) Жұмыс берушілерден болжамды құрылымдық өзгерістер мен басқа шаралардың соның нәтижесінде қызметкерлердің жұмыстан босатылуы мүмкін туралы ақпаратты, сонымен қатар жұмыс күшінің сұранысы туралы басқа мәліметтер, алда босатылатын, жұмыстан шығарылған және жұмысқа қабылданған қызметкерлерлің кәсіби-біліктілік құрылымы мен саны туралы ақпаратты алуға.

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырып, басшылық етеді және "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      2) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады;
      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз қызмет атқарады, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан аппараттың басқа қызметкерлеріне "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесінде қандайда бір іс-әрекет жасауға өкілеттік береді;
      5) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды келіседі, аудан әкімдігіне және әкіміне ұсынады;       
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтайды және оларға тәртіптік жаза белгілейді;
      8) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің шығындар жоспарын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаражатын басқарады;
      9) аудан әкіміне "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын келешекке жоспарлау және ағымдағы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      10) өз құзыретінің шегінде бұйрықтарды шығарады, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
      11) мемлекеттік қызыметшілердің оқуын, даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді.
      12) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесін басқа мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ұсынады;
      13) оған аудан әкімімен жүктелген басқа да функцияларды іске асырады.
       "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада басқалар қарастырылмаса, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Заңды тұлға және уәкілетті органның арасындағы қарым қатынасы

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі болып табылады.
      27. Құрылтайшының орналасу орны: индексі 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197.
      28. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
      29. Мемлекеттік мүлік бойынша атқарушы органмен және заңды тұлға, заңды тұлға және сәйкес саланың атқарушы органы, заңды тұлғаның әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

      30. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекетті мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      31. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады