2015 жылға арналған Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 302 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 шілдеде N 3309 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 2016 жылғы 5 қаңтардағы N 12.1.7-1/02 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 5.01.2016 N 12.1.7-1/02 хаты).
      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау Қағидаларының 10 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Е. Иманслям

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 302 қаулысына қосымша

2015 жылға арналған Тайынша ауданы бойынша субсидияланатын басым ауыл наруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

№ п/п
Дақылдар атауы
Егудің оңтайлы мерзімдері
1
Жаздық бидай (орташа кеш, орташа пісіп-жетілу, орташа ерте сүрыпты, қатты бидай)
14 мамырдан 8 маусымға дейін
2
Арпа, сұлы
25 мамырдан 12 маусымға дейін
3
Қарақұмық
20 мамырдан 3 маусымға дейін
4
Тары
25 мамырдан 3 маусымға дейін
5
Нұт (қойбұршақ)
12 мамырдан 18 мамырға дейін
6
Бұршақ
20 мамырдан 3 маусымға дейін
7
Қытайбұршақ
22 мамырдан 30 мамырға дейін
8
Жасымық
22 мамырдан 3 маусымға дейін
9
Рапс (бұрынғы болғандар - бу, бір жылдық шөптер, билай дақылдары)
12 мамырдан 1 маусымға дейін
10
Зығыр,қыша
15 мамырдан 3 маусымға дейін
11
Майлы дәндерге күнбағыс
15 мамырдан 30 мамырға дейін
12
Арыш
20 мамырдан 1 маусымға дейін
13
Картоп
15 мамырдан 5 маусымға дейін
14
Астық технология бойынша сүрлеген шөпке жүгері
27 мамырдан 05 маусымға дейін
15
Сәбіз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
16
Пияз (тұқым)
10 мамырдан 20 мамырға дейін
17
Қызылша
25 мамырдан 5 маусымға дейін
18
Қияр
16 мамырдан 5 маусымға дейін
19
Орамжапырақ көшеті
25 мамырдан 15 маусымға дейін
20
Қызанақтар көшеті
28 мамырдан 12 маусымға дейін
21
Сүрлем шөпке күнбағыс
27 мамырдан 05 маусымға дейін
22
Жасыл жемдік бір жылдық шөп (сұлы + бұршақ, бұршақ +сұлы + арпа),
пішен (судан шөбі, тары, могар, сұлы + сиыржоңышқа ) және
пішендеме (сұлы + арпа +бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)
5 маусымнан 15 маусымға дейін
Жасыл конвейер
(бір жылдық шөптер)
23
I мерзім (бұршақ+ сұлы)
8 мамырдан 10 мамырға дейін
24
II мерзім (сұлы+арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)
23 мамырдан 25 мамырға дейін
25
III мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)
8 маусымнан 10 маусымға дейін
26
IV мерзім (рапс, сұлы)
8 шілдеден 10 шілдеге дейін
Көпжылдық шөптер
27
I мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
5 мамырдан 15 мамырға дейін
28
II мерзім
Жоңышқа
Түйежоңышқа
Эспарцет
Козлятник
Кострец
Еркекшөп
5 шілдеден 20 шілдеге дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады