Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Тайынша ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімі 2015 жылғы 2 қарашадағы № 51 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада N 3483 болып тіркелді

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Иманслям
       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс
      министрілігінің "Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Тұрабай
      2015 жыл 2 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады