"Білім туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1)-тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Е. Базарханов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 12 қаулысымен бекітілген |