"Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 қазандағы № 41/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қарашада N 3453 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 07 ақпандағы № 10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 07.02.2017 № 10/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХХХІ сессиясының төрағасы
С. Жүкеев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 07 қазандағы № 41/2 шешімімен бекітілген

"Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі аудандық мәслихаттың, оның органдарының қызметін және депутаттардың жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазнашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Тимирязев аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да акттермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
      8. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы,Ш. Уәлиханов көшесі, № 1 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілде: Государственное учреждение "Аппарат Тимирязевского районного маслихата".
      11. Осы Ереже "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмейтін Тимирязев аудандық мәслихат хатшысымен бекітілген Ішкі еңбек тәртіп ережелерімен анықталады.

2. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Тимирязев аудандық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету.
      16. Негізгі міндеттер:
      Тимирязев аудандық мәслихатының және олның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етілуін іске асыру, депутаттардың өкілеттіктерін іске асыруға көмек көрсету.
      17. Функциялары:
      1) Тимирязев аудандық мәслихатының депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық қызмет көрсету;
      2) Тимирязев аудандық мәслихатының қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің және өзге де шешімдер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, Тимирязев аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
      3) Тимирязев аудандық мәслихатының қызметін қамтамасыз ету шығындарын айқындау, іс-сапар шығындарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті атқару үшін қажетті кеңсе құралдарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) Тимирязев аудандық мәслихатының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды ұйымдастыру;
      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау, талдау, Тимирязев аудандық мәслихатының депутаттары алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамаларды дайындау;
      6) Тимирязев аудандық мәслихатының maslihat-tm.sko.kz электрондық сайт беттерінде Тимирязев аудандық мәслитхатының қызметі туралы ақпаратты орналастыру;
      7) "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруын және қайта даярлануын қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Тимирязев аудандық мәслихатының регламентіне сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты сессияларын өткізудің дайындық және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың күн тәртібінің мәселелері бойынша Тимирязев аудандық мәслихатының енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді сұрау;
      3) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық саулдар жолдау;
      4) Тимирязев аудандық мәслихатына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдеріне және нәтижесіне бақылау жүргізу;
      5) Тимирязев аудандық мәслихатының құзыретіне енетін мәселелер бойынша лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады, ол "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      20. Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы сессияда депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және мәслихатпен қызметінен босатылады.
      21. Тимирязев аудандық мәслихаты хатшысының орынбасарлары болмайды.
      22. Тимирязев аудандық мәслихаты хатшысының өкілеттіктері:
      1) Тимирязев аудандық мәслихатының сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
      4) "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы Тимирязев аудандық мәслихатына ұдайы ақпарат беріп отырады;
      6) Тимирязев аудандық мәслихатының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      7) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен Тимирязев аудандық мәслихаты депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      9) Тимирязев аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда Тимирязев аудандық мәслихатының атынан өкілеттік етеді;
      11) Тимирязев аудандық мәслихатының шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      12) "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
      13) Тимирязев аудандық мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.
      Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша Тимирязев аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе депутаты уақытша жүзеге асырады.
      23. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Тимирязев аудандық мәслихатының аппарат басшысы басқарады.

4. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      25. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады