Тимирязев аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 10/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 4064 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тимирязев аудандық мәслихатымен қабылданған төмендегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      - "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 07 қазандағы № 41/2 шешімі (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 қарашада № 3453 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 қарашада "Көтерілген тың", 2015 жылғы 21 қарашада "Нива" газеттерінде жарияланған);
      - "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2016 жылғы 10 ақпандағы № 47/3 шешімі (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 18 наурызда № 3664 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Көтерілген тың", 2016 жылғы 31 наурызда "Нива" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
Х сессиясының төрағасы
С. Мұстафин
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады