Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 144 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 маусымда N 3285 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы N 134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 27.06.2016 N 134 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, 9-бабы 2-тармағы, 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      Шал ақын ауданының интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданының әкімі
Е. Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады