Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 134 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
       Е.Сағдиев

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 134 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3625 болып тіркелді, 2016 жылы 24 ақпанда "Парыз" және "Новатор" аудандық газеттерінде жарияланды).
       2. "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 144 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3285 болып тіркелді, 2015 жылы 17 шілдеде "Парыз" және "Новатор" аудандық газеттерінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады