Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 10.11.2017 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына, "Казақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына және "Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 345-V шешіміне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) құрылсын.
1-1. "Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы:
1) басшы;
2) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі;
3) лицензиялау және аттестаттау бөлімі;
4) әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Атырау облысы әкімдігінің 14.03.2017 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. алып тасталды - Атырау облысы әкімдігінің 14.03.2017 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 6 қаулысына қосымша | |
Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ескерту. Ереже - алып тасталды Атырау облысы әкімдігінің 14.03.2017 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).